![]() 1 наурыз күні түске дейін «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-ның сейсмикалық стансаларының желісі екі жер сілкінісін тіркеді , деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы уақытымен сағат 09:20-да Алматы қаласының шығысында 286 км жерде Қазақстан аумағында жер сілкінді. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 8,8, магнитудасы - 3,7. Тереңдігі - 20 шақырым. Арада біраз өткен соң, сағат 11:05-те тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 9,5, магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 5 шақырым. Екі оқиғада да Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ. Фото: bnews.kz |
Время загрузки страницы 0.406 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |
![]() ![]() |