Мектеп оқушысы шекарашыларға мемлекеттік шекараны бұзушыны ұстауға жәрдемдесті , деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметінің берген ақпаратына сүйеніп. Сарыағаш шекара жасағының «Достық» шекара заставасының жасағы Өзбекстаннан Қазақстанға жаяу өтіп, мемлекеттік шекараны бұзған екі адамды ұстады. «Оларды ұстауда шекара сақшыларына Сарыағаш ауданы Ынтымақ елдімекенінің «С.Айни» атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мұстафа Әбдіқадыров жәрдемдесті. Мектеп оқушысы күдікті тұлғалар шекараны бұзып бара жатқанын көріп, дереу шекара қызметкерлеріне хабар берген», - делінген хабарламада. Жауап алу барысында Өзбекстан азаматы өз жерлесінің заңсыз көші-қонға жәрдемдесу кезінде мемлекеттік шекараны бұзғаны белгілі болды. Көрсеткен көмегі үшін Шекара қызметінің әскери бөлім командирі, подполковник Бауыржан Әбсаматов жас көмекшіге алғыс білдірді. Салтанатты шара барысында басшылық оған, мектеп директорына, сынып жетекшісіне грамота және бағалы сыйлықтар табыс етті. Бұдан басқа оқушының ата-анасы Бақияр және Маржангүл Әбдукәрімов та ынталандырылды. Фото: www.inform.kz |
Время загрузки страницы 0.457 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |