Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Т.Дүйсенова: халықтың денсаулығына енді 3 негізгі субьект жауап бе...



Т.Дүйсенова: халықтың денсаулығына енді 3 негізгі субьект жауап бе...

Т.Дүйсенова: халықтың денсаулығына енді 3 негізгі субьект жауап бе...
Елімізде 2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру еңгізіледі. Оның аясында қазақстандықтардың денсаулығы негізгі 3 субьектіге яғни мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшыға байланысты болады. Осы және өзге де әлеуметтік сұрақтарға ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Zakon.kz ақпараттық порталы ұйымдастырған интернет конференцияда мәлімдеді. Министрдің сөзіне сүйенсек, бастапқы кезде бірнеше нұсқалар қаралған екен. Атап айтсақ, бюджеттік, жеке сақтандырулар деген сынды, бірақ соңында халыққа ең қолайлы әрі тиімді жолы таңдалып алынған. «Бұл дегеніміз, тұрғындардың денсаулығына енді 3 негізгі субьекті жауап береді:мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер. Менің ойымша, онсыз да түсінікті. Мемлекет өз халқы үшін жауап береді, яғни тікелей жарна аударады, жұмыс беруші қызметкеріне жауап береді, ал үшінші, тұрғынның өзі жеке денсаулығына жауапты»- деп мәлімдеді Т.Дүйсенова. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің айтуынша, 2016 жылдың 1 шілдесінде елімізде медициналық сақтандыру қоры құрылады. Оған 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, міндетті жарналар аударылады. «2017 жылдың 1 шілдесінде медицина мекемелерінің қызметтерін біз қордағы ақшадан төлейміз. Ал медициналық мекемені әр азамат өзі таңдау шарт. Бүгінгі күннің өзінде осы тәртіпті тәжірибеге еңгізіп келеміз. Яғни, әрбір тұрғын өзі ем қабылдағысы келетін медициналық мекемені немесе емхананы таңдау құқына ие. Таңдауына қарай қаржы сол мекемеге аударылып отырады»- деді Т.Дүйсенова. Сонымен қатар, министр медициналық сақтандыруға құйылатын жарнаның ретін анықтап кетті. Атап айтсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттің міндетті медициналық сақтандырудың қорға салатын жарна көлемі 4 пайызға тең. Жұмыс берушінікі -2 пайыз. Ал 2020 жылға қарай жұмыс беруші 5 пайыздық жарна аударуы шарт. Яғни жүзеге асыру тәртібі рет –ретімен жүреді. Қызметкерлер болса, 2019 жылдан бастап, жалақыларынан 1 пайыз аударып отырады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 2 пайызға көтеріледі. Фото: www.inform.kz


Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 22
Работа на дому


Время загрузки страницы 0.240 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>