Мемлекет басшысы Locus Solutions компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы, Ganeden Biotech атқарушы директоры Эндрю Лефковитцті қабылдады , - деп хабарлайды Zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп. Кездесуге Locus Solutions Директорлар кеңесінің мүшесі Джон Риа және Locus Solutions аға вице-президенті Кеннет Әлібек те қатысты, Әңгіме барысында компанияның Қазақстандағы қызметі және компания әзірлеген, ауыл шаруашылығы мен мұнай-газ саласында өнімділікті айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Фото: www.akorda.kz |
Время загрузки страницы 0.349 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |