БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық экология департаментінің талап-арызы бойынша «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан 526,3 млн астам теңге залалды өндіру туралы істі қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш департамент өткен жылы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде «ҚПО б.в.» компаниясының газ жағу кезінде ауаға лас қалдықтарды шығарғанын анықтаған. Оның көлемі 43,8 тонна. Осыған байланысты компания нормадан тыс және өздігінен жасаған эмиссия үшін 10 есе көлемдегі төлемақыны өз еркімен төлеген. Алайда бұл қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу жауапкершілігінен босатпайды. Осыны ескерген сот департамент талап-арызын қанағаттандырды. Сот шешімі күшіне еніп, аталған компаниядан мемлекет пайдасына 526 352 686 теңге толық өндірілді. Елжан Ералы Фото: altaynews.kz |
Время загрузки страницы 0.213 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |