Ақтөбе стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің қызметкерлері Қандыағаш стансасындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында «Жұрын-Қандыағаш» стансалары өткелінде «Алматы-Атырау» бағытындағы Тальго жүрдек пойызында Жамбыл облысы Тараз қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тексеру барысында күдіктіден ірі көлемде есірткі заты бары анықталып, тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 971 грамм героин болып шықты. Аталған факт Қандыағаш ст. желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі. Фото:altaynews.kz |
Время загрузки страницы 2.646 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |