Бүгін қазақ өнері қара жамылды. Белгілі әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Тұрсынғазы Рахимов өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тұрсынғазы Рахимов 1951 жылы 15 қазанда дүниеге келген. Алматыдағы эстрадалық-цирк колледжін бітірді. 1994 жылы «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл», «Сәби болғым келеді» секілді әндерді жазған композитордың барлығы жүзге тарта әні бар. М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері. Республикалық деңгейдегі бірталай өнер байқауларының лауреаты. Фото: www.qazaquni.kz |
Время загрузки страницы 0.216 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |