Қазақстандық Әділ Қабылда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Жыл студенті» атанды және университеттің үздік студенттерінің бірі болып танылды , деп хабарлайды Zakon.kz, ЖОО-ның ресми сайтындағы ақпарға сүйеніп. Айта кетейік, Әділ Қабылда Павлодардағы Қазақ-түрік лицейінің түлегі. Өткен жылы талантты жас М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетіне емтихансыз қабылданған еді. Қазір ол Химия факультетінің 1-ші курс студенті. 2015 жылы Әділ Қабылда химия пәні бойынша 47-ші Бүкіләлемдік Олимпиадада топ жарған. Білім додасына 75 мемлекеттен 300-ге жуық оқушы қатысқан. Осыған қоса, Ә.Қабылда химия пәні бойынша 48-ші Менделеев Олимпиадасының күміс жүлдегері. Фото: spectr.com.kz |
Время загрузки страницы 0.324 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |