Әлеуметтік желілер, солардың ішінде инстаграм - қалалық мәселелерді тез шешудің ең тиімді алаңына айналды . Бұл туралы бүгін Алматыда қала тұрғындарымен жылдық есептік кездесуінде қала әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматылықтармен тікелей байланыс орнату үшін, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерде, солардың ішінде Инстаграмда жеке парағы ашылды. Қазіргі таңда оған 56 000 адам жазылды. Онда 400-ден астам материал жарияланды. Тұрғындар тарапынан 9000 арыз-шағым келіп түсті. Олардың 80 пайызы бары-жоғы екі күн ішінде шешілді. Мәселенің шешілген, шешілмегені инстаграмда айқын көрінеді. Біз нақты жауап беріп жатырмыз. Сондықтан, әлеуметтік желі бүгінде - қала мәселелерін тез шешудің өте тиімді алаңына айналды», - деді Б. Байбек. Сонымен қатар, қала басшысы Алматыда заңсыздықтарға қарсы кең көлемде қоғамдық айыптау жүйесін қалыптастыру керектігін айтты. «Алматыда кең көлемде қоғамдық айыптау, қоғамдық «ұялту жүйесін» қалыптастыруымыз қажет. Мысалы, кәсіпкерлер «ағаштарды кесіп тастасам, айыппұл төлеймін де құтыламын», - деп ойлайды. Ал егер олардың бұл әрекеті қоғам тарапынан қатал түрде ашық айыпталатын болса, ол келесі жолы заңсыз әрекет жасауға ұялатын болады», - деді Б. Байбек. Жаппарберген Айбота Фото:www.securitylab.ru |
Время загрузки страницы 0.535 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |