Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың төрт аймағында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің берген мәліметіне сүйеніп. Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) а/ж «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» (232-260 км); «Жезқазған-Петропавл» (377-595 км, Державинск қ.- Есіл қ.); «Жақсы - Есіл - Бұзылық» (0-82 км «Екатеринбург – Алматы» 856-1003 км, Солтүстік Қазақстан облысының ш.- Атбасар қ.), жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды. Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) облыстық деңгейдегі «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» (43-74 ш, «Родниковка-Мәртөк») т/ж барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ, ауа райының нашарлауына байланысты (жыңбыр, көктайғақ) республикалық маңызы бар «Қарабұтақ-Қостанай» тасжолының (89-231 км, Комсомол а.- Қостанай облысының шекарасына дейін) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр ж/е көк тайғақ) барлық бағыттарға жол жабық. «Екатеринбург - Алматы» (686-729 км, Сарыкөл а.- Солтүстік Қазақстан облысының шекарасіна дейін); «Мамлютка - Қостанай» (180-249 км, Ұзынкөл. а - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына деиін); «Қарабұтақ-Денисовка» (231-385 км, Ақтөбе облысының шекарасынан - Денисовка а.) «Денисовка - Жетіқара - Мықтыкөл» (82-174 км, Жетіқара қ.-Мықтыкөл а.-РФ шекарасына дейін) жүк автокөліктеріне және автобустарға жол жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) барлық бағытқа автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Фото: gorod55.ru |
Время загрузки страницы 0.228 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |