Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көшедегі тәртіпті квадрокоптермен бақылайды. Жауапты мамандар қала көшелеріндегі тәртіп пен жол қозғалысы жағдайын бейнекамерамен жабдықталған пилотсыз ұшу құралдарының көмегімен бақылап отырмақ. Бұл — қалалық әкімдік пен жергілікті полиция қызметінің бірігіп қолға алған пилотты жобасы, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА. Жоба авторларының айтуынша, бұл жаңалық көшедегі жалпы тәртіпке оң әсерін тигізуі тиіс. Квадрокоптердің көмегімен тыйым салынған жерге қойылған көліктерді, ұрланған көлік құралдарын анықтап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды реттеуге болады. Фото: kaztrk.kz |
Время загрузки страницы 1.751 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |