Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Болашақта жамбылдық шаруалар бір жылда екі рет өнім жинайды



Болашақта жамбылдық шаруалар бір жылда екі рет өнім жинайды

Болашақта жамбылдық шаруалар бір жылда екі рет өнім жинайды
Болашақта жамбылдық шаруалар бір жылда екі рет өнім жинауды қолға алмақшы. Тың тәсілді Жамбыл облысына арнайы келген Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары ұсынып отыр , деп хабарлайды Zakon.kz, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аргарлық өлке мен оқу орнының арасындағы байланыс бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Жыл басында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Қазақ Ұлттық университетіне арнайы барып, өңірдегі ауылшаруашылығын дамытуға қатысты ғалымдармен кеңескен болатын. Араға уақыт салып ғалымдар әулиеата жерінде қайта бас қосты. Бұл жолы салаға тың жаңалықтар енгізумен қатар, өнімділікті арттыруға қатысты да жаңа технологияларды таныстырды. Соның бірі-бір жылда екі рет өнім жинау. Ғалымдар тәжірибені Меркі ауданындағы "Нұржан" шаруа қожалығының егіс алқаптарында жүргізген. Масақты-майлы дақылдардың 10 түрін егіп, оның өнімін алуды көздеген тәжірибе сәтті жүзеге асты. Аймақтағы 6 ауданды пилоттық деп таныған олар биылдан бастап шаруа қожалықтарының бейініне қарай бірлесе жұмыс атқармақ. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев арнайы жиында ауылшаруашылығында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Болашақта іске асырылатын жобалармен бөлісті. Облыс көлемінде ет бағытындағы ірі жобалар іске асырылуда. Меркі ауданындағы «Агростан» ЖШС-нің Малайзиялық кәсіпкерлермен бірге Жаңа Зеландиялық жоба негізінде салынған 5000 ұсақ малға арналған бордақылау кешені пайдалануға берілді. Мойынқұм ауданындағы «Агро фирма Түрікпен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3,0 мың бас мүйізді ірі-қара малға арналған бордақылау кешенін және 5,0 мың бас мүйізді ірі-қара мал шаруашылық репродуктор жобасының құрылысын жүзеге асыруда. Осы жобаны іске асыру мақсатында Ресей Федерациясынан 900 бас қалмық тұқымының ірі қара малын және 1200 бастан жылқы сатып алынды. Жалпы осы салада өнімділікті арттыруымыз керек,-деді аймақ басшысы. Сондай-ақ басқосуда ғалымдар қарқынды бақтарды мардымды бақтармен алмастыру, жемістердің жаңа сұрыптарын таныстырды. Мал ауруларының алдын-алуға қатысты жобалармен таныстырды. Екі күнге созылатын семинар кеңес барысында ғалымдар аудандарды аралап, шаруашылық басшыларымен практикалық кездесулер өткізетін болады.
Фото: zhambylpress




Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 24
Работа на дому


Время загрузки страницы 1.286 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>