Ыстамбұлда түркі әлемінің ұлы ойшылы – Жүсіп Баласағұнның мыңжылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының төрағасы Дүйсен Қасейінов пен Қырғыз елінің Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Алтынбек Мақсұтов, сондай-ақ Түркияның белгілі саясаткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Көпшілік назарына Баласағұнның өмірінен сыр шертетін сахналық көрініс ұсынылды, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Атап өту керек, Түркіменстанның Мары қаласында өткен ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің 33-тұрақты кеңесінде 2016 жыл – «Жүсіп Баласағұн жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай биыл атақты ғалымның мыңжылдық мерейлі мерекесі халықаралық деңгейде аталмақшы. Ал 30 наурыз күні Алматыда 350 өнерпаздың қатысуымен үлкен фестиваль өтеді. "Мемлекеттік деңгейде көптеген іс-шара өтеді. Май айында Қырғызстанда Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы өтеді. Бұл жақтағы оқымыстылар, басқа мемлекеттерден де конференция өткізу бойынша көптеген ұсыныс келіп түсуде. Президенттің Жарлығы да шыққан Жүсіп Баласағұнның көркем таспасын жасау, опера театрында опера, балет қою бойынша, кітаптар мен деректі фильмдер шығару бойынша ұсыныстар бар. Бір жылдың ішінде Жүсіп Баласағұнға арналған осындай жұмыстар жасалады", дейді Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Алтынбек Мақсұтов. Фото:24.kz |
Время загрузки страницы 0.242 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |