Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Алматыда сұрықсыз жарнамалар мен заңсыз билбордтар сүріледі



Алматыда сұрықсыз жарнамалар мен заңсыз билбордтар сүріледі

Алматыда сұрықсыз жарнамалар мен заңсыз билбордтар сүріледі
Алматының әрін кетірген кәсіпкерлер жауапқа тартылып жатыр. Ақпан айынан бері экологтар көріктендіруге қатысты заңсыздықтарды анықтап, 100 заңды тұлғаға ескерту жасалған. Ал, 3 кәсіпкер 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 63 мың 630 теңгеден айыппұл арқалаған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. Сұрықсыз жарнамалар мен аумағындағы қоқысты тазартпағаны үшін бірнеше күн бұрын мына мекеме жауапқа тартылған. Десе де, айыпты екендіктерін мойындамай отыр. Әуезов ауданының экологтары сауда орталығының иесіне сан мәрте ескерту де жасапты. Бірақ оған да олар пысқырып қарамаған. Енді заңды белшесінен басқан кәсіпкерге 63 мың 630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Түсірілім тобын көре сала мекеме иесі дұрыстап жауап беруі былай тұрсын, алды-артына қарамай қаша жөнелді. "Бізге неге қателіктерімізді түзеуге уақыт бермейсіздер? Арнайы мамандар шақырып, төбеден алатын едік қой. Келіп алып тастайтын еді ғой. Не болды соншама?". Заң бойынша экологтар жекеменшік кәсіпкерлерге заңсыздықты ескертуге тиіс емес, бірден шара қолдануға құқылы. Десе де, экологтар шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында барынша түсіністік танытып келген. Бірақ қаланың көркін қашыратын кәсіпкерлердің заңсыз тірлігі тыйылмаған соң шара қолдануға мәжбүр. "Әкімшілік хаттама толтырылады. Арнайы өзіміздің табиғатты қорғайтын полициямыз бар сол кісілер әкімшілік хаттама толтырады. Жағдай қайта қайталанса, айыппұл саламыз",- деді Алматы қ. Әуезов аудандық экология бөлімінің маманы Мадияр Шымырқұлов. Қалалық биліктің бастамасымен жүзеге асқан "Таза қала" акциясы жыл соңына дейін жалғасады. Рұқсат қағаздары жоқ билбордтар бірден сүріліп тасталмақ. Айта кетейік, қала келбетіне сәйкес келмейтін жарнама тақтайшалары үшін 20-дан 100-ге дейінгі көлемде айыппұл салынады. Жадыра Омаржан Фото: www.lada.kz


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 24
Работа на дому


Время загрузки страницы 0.300 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>