Қазақстанда тағы бір автокөлік шығаратын кәсіпорын пайда болады. Отандық мамандар қытайлық компаниямен бірлесіп, JAC көліктерін шығармақ, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. Жаңа зауыт Қостанай облысында жұмыс істейді. Облыс басшысының айтуынша, өткен жылдың тамыз айында екі елдің көлік құрастыру саласын дамыту туралы келісімге қол қойған. Алғашқы инвестиция көлемі 5 млн долларды құрапты. Жалпы инвестиция көлемі 40 млн доллар болады деп күтілуде. Қондырғылар мен техникалық жабдықтарын жеткізу биылғы маусым мен шілде айларында жүзеге асыру жоспарланған. Фото: strategy2050.kz |
Время загрузки страницы 1.096 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |