Атырау облысында халықты табиғи газбен қамтамасыз ету 98 пайызға жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгінде 79,8 пайыз елді мекен немесе облыс халқының 98 пайызы газдандырылды. 2015 жылы Мақат ауданында 10,3 шақырым газ құбыры желісі тапсырылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Құрманғазы ауданының 13 елді мекені газдандырылды. 2016 жылы ұзындығы 110 шақырым Индер-Махамбет апатты магистральдық газ құбырын ауыстыру жұмыстары аяқталады. Азғыр аймағының елді мекендері үшін 365 шақырым жоғары қысымды магистральдық және кентаралық газ құбырларын тарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді», - деп хабарлады облыстық әкімдік баспасөз қызметінен. Фото:omsk.mk.ru |
Время загрузки страницы 0.272 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |