Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Мемлекет 55 жастан асқан адамдарға жұмыс табуға көмектеседі



Мемлекет 55 жастан асқан адамдарға жұмыс табуға көмектеседі

Мемлекет 55 жастан асқан адамдарға жұмыс табуға көмектеседі
Мемлекет 55 жастан асқан адамдарды оқытып, кейін оларды жұмысқа орналастыруға көмектеспек. Жаңа жоба аясында 2016 жылы 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді , деп хабарлайды BNews.kz «Әлемдегі дамыған елдерде адамдардың жасына қарай қолдау көрсетіледі. 55 жастан асқан азамат бүгінде жұмыстан айрылып қалса, жұмыс берушілер осы жастағы адамдарды жұмысқа алмайтынын білеміз. Бұл адамдарды әлжуаз топқа жатқызуға да болады. Сондықтан көптеген дамыған елде, мәселен, Германия, Канада, АҚШ-та осындай азаматтар мемлекеттің қаржысына оқытылып, қызмет көрсету саласына жұмысқа орналастырылады», - дейді Б.Нұрымбетов. Қазақстан осы шетелдік тәжірибені назарға алып отыр. Вице-министр жеткізгендей, осы мақсатқа 2016 жылы 240 млн теңге қарастырылған. «Тұңғыш рет қолға алып отырған жоба. Сондықтан алғашқы 2016 жылы 2100 адамды оқытып көрсек деген ойымыз бар. Таяуда қосымша берілетін қаражатымыздың мәселесі Үкіметте шешіледі. Осындай азаматтарды оқытып, кейін жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз», - дейді Б.Нұрымбетов. Фото: spravda.com


Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 24
Работа на дому


Время загрузки страницы 0.285 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>