Павлодарда №25 мектептің 10-сынып оқушысы № 10 мектепте оқитын өзімен жасты қызды пышақпен жарақаттаған , деп хабарлады pavlodarnews.kz. Полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабы «Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осыған сәйкес жасөспірімді үш жылдан жеті жылға дейін жазалау қарастырылған. Оқиғаның мән-жайы туралы облыстық ІІД ешбір ақпарат бермеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат бөлімінің меңгерушісі Серік Нұрлановтың айтуынша, зардап шеккен азаматша 4-ақпан күні кешкісін жеткізілген. 15 жастағы қыздың мойыны мен екі қолы жарақаттанған. «Ауруханаға түскен кезде денсаулығы тексеріліп, ота жасалды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсарып қалды», - деді С. Нұрланов. Бүгінде қызды жәбірлеген оқушы мектепке бармайды, үйде қамауда отыр. «Мектеп психологі ретінде үйіне бардым. Оның жағдайы жеңіл емес. Кеңес беріп, көмектесуге тырыстым», - деді № 25 мектептің психологі Жанагүл Төлеубаева. Фото:www.glavny.tv |
Время загрузки страницы 0.422 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |