Ұлт жоспарының 20-қадамына сәйкес, барлық сот процестеріне аудио-видеотіркеу енгізіліп жатыр, сандық жазбалар іс материалдарымен бірге 75 жыл бойы сақталады. Бұл туралы Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Бейбітжан Кабылбеков мәлімдеді , деп хабарлайды BNews.kz. «Ұлт жоспарының 20-қадамына сәйкес, барлық сот процестеріне міндетті тәртіпте аудио-видеожазба енгізу қарастырылған, біздің Астана қаласының Алматы соты барлық сот залдарын толығымен жабдықтады. Сот процестері аудио-видеожазба арқылы жүргізіледі, барлығы мәліметтер базасында тіркелген, тараптар бұл ақпаратпен таныса алады. Кей жағдайларда журналистер де іс материалдарымен танысуға құқылы», - дейді Бейбітжан Кабылбеков. Оның айтуынша, судьяға жазбаны тоқтату мүмкіндігі берілмеген, сондай-ақ материалдар редакцияланбауы тиіс. Аудио-видеожазбалар іс материалдарымен бірге нұсқаулыққа сәйкес 75 жыл сақталады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда сот залдары аудио және бейнебақылау құралдарымен 73,6%-ға жабдықталып отыр. Елімізде 1407 сот залы болса, соның 957-сі сандық форматта аудио-бейне бақылау жүргізу құралдарымен жабдықталған. Фото:www.paramitec.ru |
Время загрузки страницы 0.940 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |