Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Алматыда табиғатқа немкетті қарағандар 5 млн теңге айыпп ...



Алматыда табиғатқа немкетті қарағандар 5 млн теңге айыпп ...

Алматыда табиғатқа немкетті қарағандар 5 млн теңге айыпп...
Ісіне салғырт қарайтын ПИК мен жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылып, қомақты айыппұл арқалады. Тұрғындар жыл сайын көктайғақ мұздан көз ашпаймыз дейді. Ал, тазалыққа жауапты аула сыпырушы мен ПИК өкілдерін айына бір-екі рет ғана көреді екен, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. «Мына жерде мұздар ойылмай жатыр. Тайғанақтап құлап жатыр. Балалардың ойнайтын жерлері жоқ. Мынаның бәрін салып, қоқысты үйіп тастап жатыр». «Жоқ, тазаланбаған. Мына жерге үйіп қойған. Тұрғындардың өздері тазалаған болу керек мына жерлерді. Осы қар жауғалы бері жатыр. Тазалағанын көрген жоқпыз». «Ақиқат» пәтер иелері кооперативі төрайымы бұған өзінше ақталып, аула сыпырушының таңның атысынан кештің бастысына дейін жүретінін алға тартты. Дәл бүгінгі тексеруден кейін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалаған ПИК есік алдын айнадай етеміз деп уәде берді. «Аула сыпырушы сенбі, жексенбі күндері де қар жауса, келіп тазалайды. Мына жақта дүкендер бар. Олар да айтады. Ылғи тастайды. Тіптен учаскелік инспектормен де жүрдік»,-деді "Ақиқат" ПИК-ның төрайымы Әсем Даурықбаева. Алмалы ауданындағы заңды тұлғалар да аула тазалығы үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бірі - көлік тұрағындағы қарды тазаламаса, екіншісі - жиналған қарды шыршалардың түбіне үйген. Ал, есік алды әдеттегідей көк мұз. Ісіне салғырт қараған үш мекеменің өкіліне жалпы 60 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынды. Оған қоса, аула арасында салынып жатқан көп қабатты үйдің құрылысына жауаптылар да сынға ілікті. Құрылыс жұмыстарынан шыққан қалдықтар мен қоқыс алынбаған. Әжетхана да санитарлық жағдайдан жұрдай. «Құрылыс болған соң қалдықтар жиналады. Осы жолғы қоқысты сенбі күні келіп алып кетеді. Мен шынымды айтып тұрмын. Мұндағы қоқыстың барлығы екі аптада жиналған. ертеңге дейін тазалаймыз»,- деді құрылыс компаниясының өкілі Ержан Кенжин. Бүгінгі рейд барысында Алмалы ауданындағы пәтер иелері коперативтері мен заңды тұлғалар толық тексерілді. Міндетіне жауапсыз қараған 4 заңды тұлға мен бір ПИК өкіліне жалпы сомасы 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, заңсыздық келесі тексеріске дейін реттелмесе, айыппұл көлемі артады. Жалпы жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар мен пәтер иелері коперативіне тазалық сақтамағаны үшін 120 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 млн теңге айыппұл салынған. Оның 700 мыңнан астам теңгесі жауапсыз ПИК-терге тиесілі. Аршын Кемелжан, Қанат Кигизбаев Фотосурет : radiotochka.kz


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 26
Работа на дому


Время загрузки страницы 1.743 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>