Бүгін Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысына қатысқан ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін əлі де жетілдіре түсу керек деген пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегінде даулы мəселе көп. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің идеясы жақсы. Осы саладағы жемқорлықты азайтты. Министрлік пен үкімет мектептердегі білім сапасы туралы толық ақпарат алатын болды. Бірақ, ҰБТ білім сапасын толық ашатын тетік деп айта алмаймыз. Мектептің рейтингісін бағалайтын өзге де бірқатар көрсеткіштер бар», - деген Премьер-министрдің орынбасары ҰБТ-ның тағы бір алаңдатарлық тұсына тоқталды. «Ұлттық бірыңғай тестілеу ата-ана үшін де, бала үшін де кəдімгі моральдік-психологиялық мəселеге айналды. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға кеткен бала «соғысқа аттанғандай» болмауы керек. Өздеріңіз білетін əртіс Тұрсынбек осы мəселені əзілмен көрсеткен. Министрлікпен осы мəселеге қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұлттық бірыңғай тестілеу талантты баланың сағын сындырмауы, оның жолын жаппауы керек. Бұл жүйені барынша «жұмсақ», барынша ыңғайлы еткізім келеді. Бұл жөнінде қосымша хабарлаймыз», - деді Д.Назарбаева. Фотосурет: news.caravan.kz |
Время загрузки страницы 0.267 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |