Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Бюджет қаржысына енді сапалы үйлер салынатын болды



Бюджет қаржысына енді сапалы үйлер салынатын болды

Бюджет қаржысына енді сапалы үйлер салынатын болды
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 48-ші қадамын іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылыс құнын айқындаудың ресурстық әдісін енгізіп отыр. Осы әдіске көшу шеңберінде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізілді, 10 нормативтік құқықтық акті және 350 сметалық-нормативтік құжат әзірленіп бекітілді, деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның құрылыстағы бағаны белгілеу орталығының директоры Бауыржан Жанұзақов, bnews.kz берген сұхбатында. «Мемлекет бөлген ақша қай мақсатқа жоспарланса, соған жетуі керек. Көп ретте сол жетпей жатады ғой. Президент те мұны талай рет айтты. Мәселен, қатар тұрған аудандарда бірдей мектеп салынған, бірақ біреуінің құны 300 миллионға артық болып шықты. Ол кезде ресурстық тәсіл дайындалып жатқан еді», - дейді Бауыржан Жанұзақов. Бұған дейін елімізде құрылыс құны базисті индекстік әдіспен есептелініп келді. Сарапшының сөзінше, бұл тәсіл енгізілген уақытта құрылыс бағасы рубльмен айқындалған. «Базисті индекстік тәсіл өз міндетін атқарды. 2003 жылы бұл тәсіл енгізілген уақытта құрылыс бағасы рубльмен есептелінген еді. Уақытша теңгемен есептеуге болатын тәсіл қажет болды. Оның негізгі өзгешелігіне тоқталсам, нормада Алматы қаласы бойынша құрылыс материалдарының бағасы тұрды. Жамбылда немесе Атыраудағы құрылыста Алматыдағы баға белгіленді. Яғни, облыстардағы баға есепке алынбады. Ал қазір ресурстық әдіс бойынша өңірлердегі баға анықталып жатыр. 2003 жылғы базада 8 мың түрлі құрылыс материалдарының құны болса, қазір 40 мыңға жақындады. Демек, нарықтағы әр түрлі материалдардың құны қазір бізде базада бар. Яғни, дәлдік әлдеқайда жоғары болады деген сөз», - деп әңгімеледі Б.Жанұзақов. Бұдан бөлек, оның айтуынша, бұл әдістің негізінде құрылыс саласындағы еңбеккерлердің жалақысы өседі. «Статистика бойынша жұмысшылардың айлығы өте төмен. Қазіргі біз қабылдаған әдіс нәтижесінде соңғы статистика мәліметтері жалақы бойынша жоғары. Осылайша, жоғары жалақыны кіргізіп жатырмыз. Бұдан бөлек, бұрын құрылыс техникасының құнын есептеу жанармайдың бағасына байланбаған еді. Енді тоқсан сайын жанар-жағармайдың құны өзгерсе, көліктің де бағамы өседі. Тағы да бір өзгеріс - 8 пайыз сметалық пайда енгізіп отырмыз. Бұрын мұндай болған жоқ. Ал сметалық пайдасыз ешқандай мердігер компания жұмыс істемейді. Мысалы, мердігер 1 миллиард қаржыдан 80 млн теңге пайда табады деген сөз. Сөйтіп, құрылыс компаниялары «Нұрлы жол», «Қолжетімді баспана» секілді бағдарламалардың аясында пайда тауып, техникасы мен технологиясын жаңарта алады», - дейді ғылыми-зерттеу және жобалау институтының маманы. Сарапшының пайымдауынша, бұл жаңашылдық еліміздегі құрылыстың сапасын жақсартады. «Жобаға түскен сапалы материалды ертеңгі күні мердігер пайдалану керек. Көріп жүрсіздер, бүгін ғана тапсырылған мектеп, аурухана немесе үйге кірсеңіз, едендегі ламинаты сыпырылып немесе бояуы түсіп жатады, терезесі жөнді жабылмайды. Осының барлығын реттейтін тетіктерді жасадық. Бұрын жобада мемлекеттік стандарт көрсетілмейтін. Енді қандай материалдың қай стандартқа сай болуы керек екендігін белгілеп бердік. Егер мердігер стандартты орындамаса, ол жауапқа тартылуы қажет. Бұрын жобада бағасы 1300 деп тұрса, ол 700-ден сатып алатын, бұған бөгет қойдық», - деді Б.Жанұзақов. Айта кетейік, бүгінгі күні еліміздің өңірлерінде ресурстық әдіспен 414 жоба әзірленген, оның ішінде 287 жоба бойынша оң сараптамалық қорытынды алынды, қалған 127 сараптама қаралып жатыр. Ресурстық әдіске көшуге дайындық барысында оқыту курстары ұйымдастырылып, жобалау мекемелерінің 1190 маманы мен сарапшылар оқытылды. Фотосурет: ngsserv.ru


Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 27
Работа на дому


Время загрузки страницы 0.272 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>