Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Алматыдағы «Тастақ», «Жұлдыз», «Никольский», «Кәрім» базарлары жа&...



Алматыдағы «Тастақ», «Жұлдыз», «Никольский», «Кәрім» базарлары жа&...

Алматыдағы «Тастақ», «Жұлдыз», «Никольский», «Кәрім» базарлары жа&...
Алғаш болып халық алдында Алмалы ауданы әкімі есеп берді. Жыл көлемінде жасалған жұмыстарын саралап, тұрғындарды мазалайтын сауалдарына жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі қоғамдық көлік пен тұрақ төңірегінде болды , - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. «Менің ойымша, біз бұл мәселені шеше аламыз. Өткен жылы енгізілген Ян Гейл жобасы бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар. Бұл әрине, уақытты талап етеді. Барлығын шешуге тырысамыз»,- деді Алматы қ. Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов. Ян Гейлдың жобасы бұл ауданды да қамтыған. Ауданда мемлекет пен кәсіпкерлердің серіктестігі арқасында 15 әлеуметтік және спорттық нысандар бой көтеріпті. Әрі аймақтағы өндіріс орындары 136 миллиард теңге көлемінде тауар шығарған.Демек шағын бизнестің арқасында қала қазынасына 93 миллиард теңге түскен. Сонымен қатар, мұнда 260-қа жуық жабайы сауда орындары сүрілген. «Тастақ», «Жұлдыз», «Никольский» және «Кәрім» базарлары жуық арада жаңаша кейіпке енетін болады. «Жауабы шешілмеген мәселелер де жоқ емес. Оның ең бастысы -балабақша мәселесі. Осы орайда ауданымызда кәсіпкерлердің арқасында 120 орындық 2 балабақша салынады»,- деді Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов. Мұндай балабақшалар мен мектептер Түрксіб ауданында да бой көтереді. Ал,«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 12 қабатты үй қолданысқа беріліп, 16 үй ағымдағы жылдың шілде айында өз иелерін таппақ. Бұл аудан тұрғындарын да қоғамдық көлік мәселесі мазалайтын көрінеді. «Өткен жылы осындай есеп беру барысында тұрғындардан 65 сұрақ келіп түсті. Оның бәрі есепке алынып, шешімін тауып жатыр. Ал басты сұрақ ол қоғамдық көліктерге байланысты болып отыр. Осы мақсатта жасалып жатқан жұмыстар аз емес, шешімін табуға тырысамыз»,- деді Алматы қ.Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов. Түрксіб ауданының әкімі жасалған жұмыстарға тоқталды, алдағы жоспарларымен бөлісті. Тұрғындардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді. 2015 жылы аудандағы өндіріс көлемі 82 миллиард теңгені құрады. Тиісінше, тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артып, орташа жалақы көлемі 120 мың теңгені құрапты. Азамат Әуезхан, Ялкунжан Әшімжанов Фотосурет: www.voxpopuli.kz


Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 30
Работа на дому


Время загрузки страницы 0.328 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>