Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Алматыда ішімдіктерге жалған акциздік маркалар жасаған алаяқтар ұс...



Алматыда ішімдіктерге жалған акциздік маркалар жасаған алаяқтар ұс...

Алматыда ішімдіктерге жалған акциздік маркалар жасаған алаяқтар ұс...
Алматыда ішімдік өнімдеріне жалған акциздік маркалар жасаған алаяқтар ұсталды. Олар жасырын цехта өздері басқан маркаларды шетелден әкелінген арзан ішімдіктерге жабыстырып отырған, - деп хабарлайды Алматы телеарнасы. Қулығына құрық бойламаған алаяқ кәсіпкерлер жасырын жолмен әкелген ішімдіктерді бірден нарыққа шығармаған. Виски, коньяк сынды алкагольдік ішімдіктерді қаладағы мейрамхана, кафелерге өткізіп отырыпты. Жалған өнімдер көбінесе Алматы мен Алматы облысына сатылып келген. Жасырын цехтің 4 белсендісі ұсталып, олардың үйін тінту барысында 70 мың доллардың тауары тәлкіленді. "Төртеудің үйін тексеру барысында жалған акциздер, ішімдіктер табылды. Оның сыртында акциздерді шығаратын машинкалар да табылды. Қазір акцизді тексеретін сараптамалық комиссия тағайындалды",- деді Алматы қаласы МКД бөлім басшысы Бекен Нұрахметов. Цехта ішімдіктен бөлек, темекі өнімдеріне де жалған акциздер жасалынып, жабыстырылып келген. Бұл қалада тіркеліп отырған бірінші оқиға емес. Соңғы бір жылда Алматыда ішімдіктерді мыңдаған бөтелкемен шығарып келген қырыққа жуық жасырын цех анықталған еді. Фото:almaty.tv


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 12
Работа на дому


Время загрузки страницы 3.457 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>