Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассам...



Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассам...

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассам...
ҚХА Кеңесінің отырысында «Үлкен үй – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселелері қаралып, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымындағы ҚХА депутаттық тобының қызметі қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп. Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысына «Мәңгілік Ел» идеясының, сондай-ақ Қазақстан халқының форумында және биылғы сәуірде өтетін ҚХА-ның XXIV сессиясында ұсынылатын Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының іске асырылуы жөнінде есеп беруге кірісіп кеткенін атап көрсетті. Г.Әбдіқалықова ҚХА Кеңесінің қазіргі кезеңдегі басты міндеті Қазақстан Президенті қойған стратегиялық міндеттерді іске асыру екеніне назар аударды. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту мәселелерін халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басты бағыт болуы керек. Мемлекеттік хатшы бірнеше күннен кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген Алғыс айту күнін барша Қазақстан халқы алғаш рет атап өтетінін айтты. Алғыс айту күні Ұлы Дала Елінің ұлы мұрасын лайықты түрде жалғастырушы қазақ халқының ежелгі кең пейілділік, қонақжайлық және мейірімділік қасиеттерінен бастау алатын мәдениеті мен дәстүрінің тарихи тамырларынан негізделеді, – деді Г.Әбдіқалықова. Ассамблея Кеңесі отырысын ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов жүргізіп отырды. ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Е.Каппель баяндама жасады. Отырыс соңында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 87-бабына және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес, ҚХА Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Ассамблеядан сайланатын 9 кандидатты ұсынды. Фото: kaztv.kaztrk.kz


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 5
Работа на дому


Время загрузки страницы 1.840 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>