Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Қазақстандықтардың болашақ зейнетақысы 15 %-ға а...



Қазақстандықтардың болашақ зейнетақысы 15 %-ға а...

Қазақстандықтардың болашақ зейнетақысы 15 %-ға а...
Қазақстандықтардың жинаған зейнетақы қоры 5,83 трлн теңге болыпты. Бұл өткен жылдың қорытындысы. Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша 10 млн 116 мың 751 жеке шот ашқан адам тіркеліпті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 390 993 адам шарт жасасқан, ал ерікті шот ашқандар саны 40 060 адам екен , деп хабарлайды Алматы телеарнасы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы алған және салымшылардың жеке зейнетақы шотына бөлінген инвестициялық табыс көлемі 761,40 млрд теңгені құрапты. Осы ретте 13,6% құнсыздану деңгейіндегі активтердің табыстылығы 15,65%-ға артқан. Бұл ретте қараша халықтың тірнектеп жинаған зейнетақысы толық бақылауда болады деп сендірді зейнетақыға жауапты төраға. "Бізде инфляция деңгейінде жинақты сақтаудың кепілдігі бар. Яғни, зейнетке шыққан адам, барлығымыз ай сайын аударатын 10 пайыз қаржы секілді, барлығы инфляция деңгейіне дейін көбейтілуі керек",- деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Ерденаев. Сонымен қатар, биылғы іске жараған зейнетақы төлемдері мен аударымдардың сомасы 141,12 млрд теңге болыпты, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған қаражат көлемі 24,23 млрдқа тең. "Еліміздегі қазіргі құнсыздану деңгейінен асып түсті. Алынған инвестициялық табысты айта кетейін, 761,4 млрд теңге, ол зейнетақы жинақтаушы қорына келіп түсті. Барлық салымшылардың зейнетақы шоттарына теңдей үлестірілді",- деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Жұлдыз Демесінова. 2015 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильдік кеңсесі іске қосылыпты. Мүгедектердің мекеме мамандарын осы бағдарлама арқылы шақыртып, өзіне керекті мағлұмат алу мүмкіндігі бар. Айта кетейік, тұрғындар жеке шотындағы қаржы туралы ақпаратты пошта, электронды пошта, web- сайт, мобильді қосымша және e-gov порталы арқылы білуіне болады. Фото:news.caravan.kz


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 7
Работа на дому


Время загрузки страницы 1.556 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>