Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Қазақстан Қытайға 1 млн тоннаға жуық бидай экспорттайд...



Қазақстан Қытайға 1 млн тоннаға жуық бидай экспорттайд...

Қазақстан Қытайға 1 млн тоннаға жуық бидай экспорттайд...
Қазақстан алдағы уақытта Қытайға 1 млн тоннаға жуық бидай экспорттайды. Бұл жөнiнде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысынан кейiн журналистерге берген сұхбатында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz «Бiз Қытайға ең бiрiншi рет бидайды 2009-2010 жылдары экспорттадық. Ол кезде 20 тонналық бiр ғана КамАЗ жiберiлген болатын. Сол бiрiншi бидайды олар қарап, сараптап, импорттау туралы шешiм қабылдады. Бiрақ, бiрқатар кедергiлердiң себебiнен экспорт көлемi 100-150 мың тоннадан аспайтын. Мұндағы кедергiлердiң бiрiншiсi – қытайлық фитосанитария қызметiнiң талабы бойынша, бидай арнайы қаптарға салынып, оның аузы тiгулi болуы керек болатын. Бұл бидайды тиеу кезiнде және тасымалдау кезiнде, сондай-ақ, қажеттi жабдықты сатып алу бойынша қосымша шығындарды қажет еттi. Қазiр бұл кедергi алынып тасталды. Ендi, бидайды қапқа салмай-ақ, вагон немесе контейнерге тиеген күйде жеткiзуге болады. Екiншiден, квота бойынша белгiлi бiр шектеу болатын. Қазiр олар Қазақстанға өздерiнiң квотасын ұлғайтты. Нәтижесiнде, осы жылы Қазақстаннан 500 мың тонна бидай алса, алдағы уақытта 1 млн тонна және одан да ұлғайтылатын болады», - дедi ол. А.Мамытбеков Қазақстанның Иранға бидай экспортының көлемi артып келе жатқанын айтты. «Алайда, Иран бүгiнгi күнi бидай қорының ауқымдылығына байланысты бидай импортына шектеу қойды. Алайда, жалпы алып қарағанда, экспорт көлемi ұлғайып келедi», - дедi министр. Фото:fuzar.kz


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 6
Работа на дому


Время загрузки страницы 1.021 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>