Ақмола облысында жол-патрульдік полициясының қызметкері пара алу үстінде ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. "Ақпанның 14-і күні сағат 15:15 минут шамасында Степногор қаласы автовокзалы ғимаратының ішінде 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 100 мың теңге көлемінде пара алмақ болған жол-патрульдік полиция ротасының қызметкері қолға түсті. Аталған жол-патрульдік полиция қызметкері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін ақша сұраған.Қазіргі кезде, 23 жастағы полиция қызметкері уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды ", деп көрсетілген хабарламада. Аслан Оспанов Фото: ria.ru |
Время загрузки страницы 0.391 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |