«Астана-Орал» бағытындағы КС 979 рейсін тіркеу кезіндегі тексеру барысында,1992 жылғы Қостанай тумасының қол жүгінде металлдан жасалған суық қару-кастетке ұқсас зат табылды , деп хабарлайды Zakon.kz, Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған факт Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 287 б. 1 тармағы, яғни, суық қаруды алып жүру немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Еске сала кетейік, 2015 жылғы қараша айында Астана қаласы халықаралық әуежайында тексеріп өту кезінде ОҚО тумасы, 28 жастағы ер азаматтың жүгінде металлдан жасалған кастет табылып, Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының шешімі бойынша ҚР ҚК 287 б. 1 тармағына сәйкес жазаға тартылып, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын. Фото: today.29ru.net |
Время загрузки страницы 0.289 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |