Елбасы ауылшаруашылық кешенін қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлуді тапсырды . Бұл туралы Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылық және өнеркәсіп кешенін қаржыландыру үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-на 100 млрд теңге бөлуді тапсырды. «Бөлінетін қаржыны тиімді игеру экономиканың 0,1%-ға өсуін қамтамасыз етеді», - деді Елбасы. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» аясында инфрақұрылымды жетілдіруді жылдамдату үшін 76 млрд теңге бөлуге тапсырма берілді. Фото: baq.kz |
Время загрузки страницы 0.303 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |