Сенат Төрағасы елшілерді Ұлт жоспары мен Бес институттық реформаны іске асыру жайында хабардар етті ,-деп хабарлайды baq.kz. Спикер Қазақстанның Эстония және Польшамен өзара қарым-қатынастарының достық сипатына тоқтала келіп, парламентшілер арасындағы нәтижелі үнқатысуды, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея аясындағы өзара сындарлы іс-қимылды атап өтті. Қ.Тоқаев Эстония және Польша тараптарын Астанада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды. Эстония және Польша дипломатиялық миссияларының басшылары парламенттік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі тереңдету арқылы Қазақстанмен өзара тиімді қатынастарды нығайтуға ықпал ететіндерін айтты. Фотосурет: www.primeminister.kz |
Время загрузки страницы 1.380 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |