Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров


Error: Incorrect password!
Error: Incorrect password!

Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Алматыда 640 орындық екі балабақша ашылады



Алматыда 640 орындық екі балабақша ашылады

Алматыда 640 орындық екі балабақша ашылады
Бірінші ақпаннан бастап енген жеңілдіктің бірі - балабақшаға төленетін соманың төмендеуі. Осы уақытқа дейін ата-ана балабақшаға орта есеппен 27 000 теңге төлеп келсе, енді оның тең жартысын төлейтін бола ды, - деп хабарлайды Алматы телеарнасы. Бұл тек мемлекеттік және «Балапан» бағдарламасына тиесілі балабақшаларға қатысты. Жеңілдіктің жүзеге асуына «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қалалық мәслихаты мұрындық болған. Яғни, қаладағы мемлекеттік және «Балапан» бағдарламасымен жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелердің бәрі әр бала үшін тек 15 мың теңге алады. «Бұрын ол 27 мың теңгеден асып тұрған. Енді екі есе азайып, бірінші қаңтардан бастап төлемақы 15 мыңнан аспайтын болады. Жеке балабақшаларды өздеріңіз білесіздер, төлемақыны өздері тағайындайды. Бірақ жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс болса, осы 15 мыңнан аспайтын болады»,- деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова. Алматы қаласы 2015 жылы 18 млрд теңге үнемдеген. Балабақшаға бөлінген 3 млрд теңге соның есебінен алынған. Жылдар бойы күтіп, жеңілдікке енді жеткен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Айлық төлемнің 50 пайызға дейін арзандауы үлкен көмек, дейді жұрт. «Өте қуаныштымын. Бұл балаларыма үлкен көмек. Яғни, 15 мың теңге түскені. Бұл бұрынғы төлемнің 50 пайызындай. Балалардың киімін алсам да. Қазір балалардың киімі өте қымбат. Балалардың ойыншығы да өте қымбат»,- деді ата-ана Жібек Үсенова. Жыл басынан бері қалада 23 балабақша ашылған. Оның 14-і «Балапан» бағдарламасына тиесілі. Ал, балабақшаға төлейтін қаржыны тұрғындар өз еркімен кез келген банкте төлей алады. «Бүгінде қаладағы балабақшалардың қосымша қажеттігі мен азық-түлігі үшін 2 млрд 945 млн теңге бөлінді. Аталған қаржы тек 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін. Қаржы бір жыл соңына дейін жетеді»,- деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Попенко. Алматыда жалпы 420 балабақша бар. Онда 54 401 бала тәрбиеленуде. Тағы 38 мың бала кезекте тұр. «Алматы – 2020» даму бағдарламасы аясында жекеменшік әріптестік жобасы арқылы 27 инвестормен келісім жасалды. Яғни, балабақшалар саны арта түседі. Ал, наурыз бен сәуір айларында 640 орынға арналған 2 балабақша ашылады. Аршын Кемелжан, Влад Шишко Фотосурет: www.my-kid.kz


Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 13
Работа на дому


Время загрузки страницы 2.002 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>