Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Ауыл партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімін ұсы...



Ауыл партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімін ұсы...

Ауыл партиясы ҚР Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімін ұсы...
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының тізімінде 19 адам бар . Олардың ішінде 8 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, 5-еуі ғылым докторы, 3-еуі ғылым кандидаты. Партиялық тізімге 4 ұлттың, атап айтқанда, қазақ, орыс, украин және ингуш ұлтының өкілдері енді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат. 1 ақпан күні «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өзінің 12-ші кезектен тыс съезін өткізді. Сол алқалы жиында біз партиямыздың сайлауға қатысатындығын шешіп, партиялық үміткерлердің тізімін бекіттік. Ал бүгін сайлау ережесіне сәйкес «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі мен барлық құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырдық», - деді партияның хатшысы Бөрібай Жексенбин. «Сонымен қатар үміткерлер қатарында өңірлік тәжірибеге ие, өндірісте жұмыс істеген, бизнесте еңбек жолын жалғастырған, аудан, ауыл әкімдіктерінде қызмет атқарған азаматтар бар. Қоғам қайраткерлері де осы тізімге енгізілген», - деді партия хатшысы. Айта кетерлігі, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы партиялық тізімді тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттар ұсынды: саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімді ұсыну туралы кезектен тыс XII съезінің хаттамасынан үзінді көшірме, партиялық тізімге енгізілген азаматтардың тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері, партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның өмірбаяндық деректері, салық органының партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалары, саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат, партиялық тізімге енгізілген адамдардың «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясында мүшелігін растайтын құжаттар. Фотосурет: www.qazaquni.kz


Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 14
Работа на дому


Время загрузки страницы 0.972 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>