Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Үш баланы өрттен құтқарған 11 жастағы Алматылы&#...



Үш баланы өрттен құтқарған 11 жастағы Алматылы&#...

Үш баланы өрттен құтқарған 11 жастағы Алматылы&#...
Марапаттау рәсімі Даниярдың ерлігі мектеп оқушыларына үлгі болсын деген ниетпен, өзі оқитын Алатау ауданының Ұлжан-1 ықшам ауданында орналасқан №152-ші мектеп-гимназиясында болды , - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төсбелгіні Даниярдың кеудесіне Алматы қ. ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Руслан Қасыбаев тағып, оның ерлігі басқа да жасөспірімдерге үлгі екендігін айтып, оған оқуда озат болуына және халқын сүйген ер-азамат болып өсуіне тілектестік білдірді. Естеріңізге сала кетелік, Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, 2015 жылдың 11 қарашасында 12 сағат 04 минутта Алматы қ. Алатау ауданының, Ұлжан-1 ықшам ауданындағы Тәкежанов көшесі бойында орналасқан № 64-ші тұрғын үйден өрт шыққан болатын. Үйде сол сәтте 2004 жылы туған Сатыбалды Данияр Айдынұлы, 2007 жылы туған Сатыбалды Гүлмира Айдынқызы, 2008 жылы туған Сатыбалды Динара Айдынқызы және 2012 жылы туған Сатыбалды Дамир Айдынұлы болған. Ал ересектерден ешкім болмаған. Өрт салдарынан бөлмелер түтінге тола бастаған. Сол арада Сатыбалды Данияр өрт сөндірушілер келем дегенше, терезенің әйнегін сындырып, бауырларын осы терезе ойығы арқылы сыртқа алып шығып, тілсіз жаудан құтқарып қалады. Ең соңынан терезе арқылы өзі шығып жатқан сәтте сол жақ жамбасынан жарақат алады. 2016 жылғы 8 қаңтарда ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымов адам өмірін құтқаруда ерлік және жанқиярлық танытқан Сатыбалды Данияр Айдынұлын «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттау туралы тиісті бұйрыққа қол қойды. Автор: Жаппарберген Айбота Фотосурет: ҚазАқпарат


Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 5
Работа на дому


Время загрузки страницы 1.698 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>