Жұмыс берушілердің көпшілігі биыл қызметкерлерінің жалақыларын өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ақпарат Antal Kazаkhstan рекрутинг компаниясының сайтында жарияланды, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА. Компания жүргізген зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, жұмыс берушілердің 62 пайызы биыл қызметкерлерінің еңбекақыларын өсіруді жоспарлап отырған көрінеді. Қызметкерлер жалақысын өсіруді жоспарлаған компаниялардың 75 пайызында еңбекақы мөлшері 4 тен 15 пайызға дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ, респонденттердің жартысынан көбі биыл жұмысқа жаңа қызметкерлер қабылдауды шектемейтіндіктерін айтқан. Алайда, биыл штаттық кестені көбейтуді көздеген компаниялар саны 2015 жылға қарағанда 17 пайызға төмендепті. Сонымен қатар, көптеген компаниялар жаңа қызметкерлер іздемек емес биыл. Олардың қатары респонденттердің 50 пайызын құраған. Алайда, қызметкерлер санын қысқартуды көздейтін компаниялар да бар. Олар зерттеуге қатысқан жұмыс берушілердің 6 пайызын құрады. Antal Kazakhstan компаниясының директоры Анна Ковинскаяның айтуына қарағанда өткен желтоқсан мен қаңтар айларымен салыстырғанда ақпанда жұмыс берушілер ұсынған жаңа вакансиялар саны артқан. Бірақ, бұл көбіне бала күтіміне байланысты демалысқа кеткендерді алмастыру бағытында өрбіпті. «Дегенмен, жаңа штат аша бастағандар бар. Қазіргі дағдарыс кезінде жұмыс берушілер рационалды түрде әрекет етіп жатыр. Өз мүмкіндіктерін ескере отырып қызметкерлеріне түрлі қолдау жасауға тырысуда»,-деп мәлімдеген компания директоры Анна Ковинская Зерттеу ақпан айының бірі мен он үші аралығында жүргізіліпті. Зерттеуге экономиканың түрлі секторларында қызмет жасайтын 58 отандық және шетел компаниясы қатысқан. Фото: newskaz.ru |
Время загрузки страницы 0.238 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |