Алматыда жекеменшік үй өртеніп, 5 адам ажал құшты.Оқиға кешкі сағат 20.46-да болған. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Қабырғасы қамыстан жасалған баспананың терезелері темір тормен қапталған екен. Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында 4 ер адам мен бір әйелдің мәйіті табылды. Полицияның хабарлауынша, қаза болған үй иесі осы уақытқа дейін ішімдікке салынып келген. Басқа адамдардың кім екендігі қазір анықталуда. Фото: Zakon.kz |
Время загрузки страницы 0.200 сек. |
Хостинг - Разработка - Сопровождение. Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved |