Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Алматы саябақтары ерекше кейіпке енеді



Алматы саябақтары ерекше кейіпке енеді

Алматы саябақтары ерекше кейіпке енеді
Биыл Алматының Орталық демалыс саябағы мен Тұңғыш Президент саябағы, сондай-ақ «Атакент» көрме кешенінің аумағы жаңартылады. Осылайша, қала тұрғындарының бағзыдан сүйікті орындары ерекше кейіпке енбек. Бұл шаһар басшысының қатысуымен өткен қала құрылысы кеңесінің мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлады Алматы телеарнасы. Жиында бас қосқан сәулетшілер алматылықтар тынығатын Орталық демалыс саябағын 12 аймаққа бөлуді жоспарлауда. Әуелі бақ аумағындағы жасыл желекке зиян келтірмей, тұйық және ретсіз салынған жүргіншілер жолын жойып, демалыс аймақтарын жасау көзделіп отыр. Басты мақсат - бақтың тарихи мәнін жоғалтпай, көгалдарды сақтай отырып, бірыңғай стилистикалық келбет беру. "Қала тұрғындары бала-шағасымен бос уақыттарында саябаққа демалуға келгенде табиғатпен өзара байланысты сезінулері қажет. Ондағы өсімдіктердің қалай өсіп жатқанын өз көзімен көріп, қажет болса, өз қолымен қамқорлық жасаса да болады. Яғни, біздің мақсатымыз - тұрғындарды табиғатты аялап, күтуге бейімдеу. Сонымен қатар, тұрғындардың ойдағыдай тынығуына жағдай жасау",- деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек. «Атакент» аумағын да биыл бірқатар өзгерістер күтіп тұр. Аймақ бірнеше бөлікке бөлінеді. Жоба бойынша көңіл көтеру орындары, спорт және балалар алаңдары пайда болады. Бұған қоса мұндағы жасыл желектің саны артпақ. Ең бастысы бұл жерге тұрғындардың жыл бойы үздіксіз келуіне мүмкіндік туады. Идея авторлары "Атакенттегі" көрме орталықтарын қайта жаңғыртуға ниетті. "Бізде мұндай орталық біреу ғана, сондықтан оны мейлінше жақсартуымыз керек. Біз бұл кешендерде түрлі шаралар өткіземіз. Кей тұста ол нысандар заман талабына сай келмейді.Міне, осыны ескерген жөн",- деді Қазақстан құрылысшылар одағының президенті Любовь Нысанбаева. Ал, Тұңғыш Президент саябағында еңкейген қарттан еңбектеген балаға арналған 7 тақырыптық аумақ жасау көзделуде. Сондай-ақ, аталмыш саябаққа екі қосымша кіру есігін жасау қарастырылуда. Ол Дулати және Азамат көшелері жағынан жасалмақ. Айта кетер жайт, демалыс орындарын жаңарту жұмыстары "Алмат-2020" даму бағдарламасы аясында жүзеге асатын болады. Жиын барысында қаланың біртұтас сәулеттік стилін қалыптастыру жайы да сөз болды. Қала құрылысы кеңесінің мәжілісінде мәлім болғандай, бұдан былай Алматы мейлінше жарықтандырылмақ. Ал, көшелердегі ақпараттық тақталарды, аялдамаларды және өзге де орындарды қазақы өрнектермен әрлей отырып, бір үлгіде жасау жоспарлануда. Фото: russobalt.org


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 7
Работа на дому


Время загрузки страницы 0.793 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>