Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Отандық тауар Вьетнамда еркін саудаланатын болады



Отандық тауар Вьетнамда еркін саудаланатын болады

Отандық тауар Вьетнамда еркін саудаланатын болады
Қазақстанның ауыл шаруашылық тауарлары енді Вьетнам елінде де еркін саудаланатын болады. Мұндай мәлімдемені бүгін Парламент Сенатының депутаты Асхат Күзеков жасады, деп хабарлайды BNews.kz. Бүгін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер мен Вьетнам Социалистік Республикасы және өзге де тараптардың арасындағы еркін сауда айналымы келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болатын. «Біз жоғарыда аталған құжатты талқылай келе, Сенаттың жалпы отырысына шығаратын болып келістік. Ал енді бұл заң жобасының бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, бұл ЕАЭО құрылғалы сырт мемлекеттермен еркін сауда жөнінде жасалған алғашқы келісім, екіншіден ЕАЭО аясындағы еркін сауда аумағына қызығушылық танытып отырған Үкіметтердің бар екендігін көріп отырмыз. Сонымен қатар, құжатты жасауға өткен жылы Бурабайда қол қойылған келісім арқау болды және бүгінгі заңымыз мейлінше халықаралық талаптарға сай келетіндей етіп әзірленген. Әсіресе, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен ЕАЭО елдерінің даму стандарттарына сәйкестендірілген», - дейді сенатор. «Сондай-ақ, бұл құжат ел кәсіпкерлеріне не береді дегенге келетін болсақ, оның бірқатар артықшылығын атап өтуге болады. Мысалы, кедендік баж салығын төлеу мен бақылау жүргізу кезінде жеңілдіктер қарастырылады әрі біздің экспорттық өнімдеріміз Ветьнамда тиісті жеңілдіктермен өткізіледі. Ол жақтан келетін тауарларға да сондай мүмкіндіктер беріледі», - деп толықтырды А.Күзеков. Айта кетейік, аталған құжатты ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің тиісті органдары қызу талқылап жатыр. Егер құжатқа мемлекет басшылары қол қойса, Еркін сауда аймағында толық күшіне енетін болады. Фото: export.gov.kz


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 25
Работа на дому


Время загрузки страницы 0.762 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>